Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі

Берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі

129 қаралым

Қоғамдағы қауіпсіздік пен отбасындағы тыныштықты сақтау әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Алкогольді шамадан тыс пайдалану адамның өз әрекетін бақылауын әлсіретіп, түрлі құқықбұзушылықтарға алып келуі ықтимал. Сондықтан ішімдіктің алдын алу шаралары тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның назарында болуы керек. Елді мекендерде түсіндіру кездесулерін өткізіп, тұрғындарға алкогольдің әлеуметтік зардабын кеңінен түсіндіру маңызды. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы күшейтілуі тиіс. Әр адам өз денсаулығына және жақындарының қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі қажет. Ішімдіксіз орта – берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑