Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Отбасындағы татулық – қоғамның тірегі

Отбасындағы татулық – қоғамның тірегі

28 қаралым

Отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі құндылықтардың бірі. Сондықтан шаңырақта өзара сыйластық пен түсіністік қалыптасуы маңызды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кез келген жағдайда жол беруге болмайды. Күш көрсету, қорқыту, қорлау немесе психологиялық қысым жасау адамның құқығын бұзады. Мұндай жағдайға куә болған азаматтар да бейжай қалмай, тиісті органдарға хабарласуы қажет. Зорлық-зомбылықтың алдын алуда құқықтық сауаттылықтың маңызы зор. Әр отбасы өз мүшелерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарағанда ғана қоғамда тұрақтылық нығаяды. Заңды құрметтеу мен адам құқығын қорғау – берік отбасының басты қағидалары.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑