Перейти к содержимому

Табиғат – ортақ құндылық

26 қаралым

Табиғат – адамзатқа ортақ аманат. Оны қорғау белгілі бір мекеме немесе маманның ғана міндеті емес. Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Аулаға тасталмаған бір қоқыс, сындырылмаған бір бұтақ, үнемделген бір тамшы су – табиғатқа жасалған қамқорлықтың белгісі. Сондықтан экологиялық мәдениет қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Қоғамдық орындардың тазалығы, көшелердің көріктілігі, ағаш отырғызу, абаттандыру және санитарлық тәртіпті сақтау – осының бәрі ортақ іске қосылған үлес. Табиғатты аялайық!

Құралбек СӘБИТОВ

↑