Баланың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі оның болашақтағы өміріне үлкен әсер етеді. Ата-ананың баламен сенімді қарым-қатынас орнатуы зиянды әдеттердің алдын алуға көмектеседі. Жасөспірімдерге есірткінің денсаулыққа және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсерін түсіндіру қажет. Баланың қандай ортамен араласатынын білу маңызды болғанымен, оған сенім білдіру мен жеке пікірін құрметтеу де ескерілуі тиіс. Мектептерде мамандардың қатысуымен профилактикалық кездесулер өткізу құқықтық сауаттылықты арттырады. Егер тәуелділікке қатысты күдік туындаса, медицина мамандарына жүгінген дұрыс. Отбасының қолдауы мен уақтылы көмек адамның қиындықты еңсеруіне мүмкіндік береді.
Ерзат АСЫЛ
