Перейти к содержимому
Басты бет / Есірткі, нашақорлық / Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

13 қаралым

Есірткіге қарсы күрес – қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарының маңызы зор. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасылық жағдайы мен әлеуметтік өміріне де кері әсер етеді. Сондықтан жасөспірімдер мен жастарға есірткінің зияны туралы нақты әрі түсінікті ақпарат беру қажет. Білім беру ұйымдарында түсіндіру кездесулерін өткізу, мамандармен ашық әңгіме ұйымдастыру және спорттық шараларға тарту профилактиканың тиімді тәсілдеріне жатады. Сонымен қатар ата-аналар балаларының ортасына, бос уақытына және мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауы керек. Есірткісіз қоғам қалыптастыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑