Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

75 қаралым

Алматы облысына қарасты Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесуі басталды. Алғашқы кездесу бүгін Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын қарастыру және көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын талқылау.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары жауапты сала мамандарымен бірлесіп қарастырылады.

Аудан әкімімен кездесулер халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштерін тыңдау және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Іле ауданы

↑