Іле ауданында «Asar Building Mixes» құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауытының ашылу рәсімі өтті.
Жобаға 1,7 млрд теңге инвестиция тартылып, кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 120 мың тонна өнімді құрайды.
Зауыт заманауи әрі экологиялық қауіпсіз технологиялық жабдықтармен қамтылған. Кәсіпорында 42 жұмыс орны құрылып, өндірісті кеңейту арқылы бұл көрсеткішті 70-ке дейін арттыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта өндіріс толық жұмыс режиміне көшіп, техникалық мамандар өз жұмысына кірісті.
Іле ауданы
