Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

170 қаралым

Іле ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шараға ауданның білім саласының қызметкерлері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен жас мамандар қатысты.

Іс-шара барысында Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, шәкірт жүрегіне жол тауып, олардың болашағына бағыт беретін ұстаз еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам екенін айтып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген барша ұстаздарға алғысын білдірді.

Мерекелік жиында білім беру саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, ауданның білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар мен білім беру ұйымдарының басшылары марапатталды.

Бірқатар ұстаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен, Алматы облысы әкімінің және облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Іле ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар шарада ауданның ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, жас мамандарға ізгі тілектер айтылды.

Мерекелік іс-шара ұстаздарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында әндер шырқалып, би мен театрландырылған қойылымдар ұсынылды.

Іле ауданы

↑