Перейти к содержимому

Қоғам қауіпсіздігіне зиян

105 қаралым

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін зиянды әдет. Оған тәуелділік адамның өмір салты мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан есірткінің алдын алу жұмыстары жастар арасында жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Бұл бағытта ата-ананың, мектептің және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы маңызды. Жасөспірімдер бос уақытын пайдалы өткізіп, спорт пен шығармашылыққа көңіл бөлгені дұрыс. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік те қатаң екенін әр азамат білуі тиіс. Салауатты ұрпақ қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Ерзат АСЫЛ

↑