Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округінде Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «ЕЛТАНУ» жобасы аясында «Этнос өкілдерімен ашық диалог: татулықты нығайту» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Шараның мақсаты – ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнату арқылы қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, өзара сыйластық пен сенімді арттыру, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағытындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру.
Басқосуға Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің жетекші сарапшысы Айдос Әлібай, Жамбыл аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Станқұлова және Қарасу ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Болат Отаров қатысып, ауыл тұрғындарымен пікір алмасты. Спикерлер тұрғындармен ашық диалог құрып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы өзара сыйластық пен сенімді нығайту, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі екені жайында жан-жақты пікір алмасу болды.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
