Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Конституция – азамат құқығының кепілі

Конституция – азамат құқығының кепілі

46 қаралым

Жаңа Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілген. Заң мен сот алдында барлығының тең болуы – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі. Әр азамат өзінің құқығын біліп қана қоймай, өзге адамның құқығын да құрметтеуі тиіс. Құқық пен міндет қатар жүргенде ғана қоғамда әділдік орнығады. Конституциялық нормаларды білу азаматтың мемлекетпен қарым-қатынасын түсінуіне мүмкіндік береді. Құқықтық сауатты қоғам заңсыздыққа төзбеушілік танытады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.

Ерзат АСЫЛ

↑