Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Конституциялық мәдениет – жауапты азаматтың белгісі

Конституциялық мәдениет – жауапты азаматтың белгісі

39 қаралым

Конституциялық мәдениет дегеніміз – Ата Заңды білу, оның қағидаттарын құрметтеу және күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау. Жаңа Конституция Қазақстанның құқықтық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған. Сондықтан оның мазмұнын түсіндіру және негізгі қағидаттарын кеңінен насихаттау маңызды. Әр азамат өз құқықтарын қорғаумен қатар, қоғам алдындағы міндеттерін де ұмытпауы керек. Құқықтық сауаттылығы жоғары адам өз әрекетінің салдарын бағалап, даулы мәселелерді заң аясында шешуге тырысады. Білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиеге көңіл бөлу жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Конституцияға құрметпен қарау қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді нығайтады. Ата Заң қағидаттарын ұстану – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑