Әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Конституция адамның қоғамдағы орнын айқындап, мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қағидаларды белгілейді. Құқықтық сауаттылығы жоғары адам өз мүддесін заңды жолмен қорғауға ұмтылады. Бұл ретте білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында және қоғамдық кездесулерде құқықтық түсіндіру жұмыстарына көңіл бөлінуі қажет. Жастардың заңға құрметпен қарауы олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Өз құқығын білетін адам өзгенің де еркіндігі мен қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Конституцияны білу – құқықтық әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды қадамы.
Ерзат АСЫЛ
