Перейти к содержимому

Отбасы – қауіпсіз мекен

74 қаралым

Отбасы адамға жылулық пен қолдау сыйлайтын орта болуы тиіс. Үйдегі әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті құрметтелуі қажет. Қорқыту, күш көрсету, кемсіту немесе психологиялық қысым көрсету отбасылық қарым-қатынасқа зиян келтіреді. Мұндай жағдайды жасырып қалу мәселені шешпейді. Зорлық-зомбылыққа тап болған адам көмек сұрауға құқылы. Қоғам мұндай жағдайларға бейжай қарамауы керек. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударған жөн. Сыйластық пен түсіністік орнаған отбасы – берік қоғамның негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑