Перейти к содержимому

Отбасындағы татулық – басты құндылық

152 қаралым

Отбасы – адам үшін ең жақын әрі қауіпсіз орта болуы тиіс. Үйдегі өзара сыйластық пен түсіністік отбасылық берекенің негізін қалайды. Кез келген мәселені күш қолданбай, сабырлы әңгіме арқылы шешу маңызды. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа ешқандай жағдайда жол беруге болмайды. Қиын жағдайға тап болған азаматтар көмек сұраудан қорықпауы қажет. Қоғам да зорлық фактілеріне бейжай қарамай, тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Отбасындағы тыныштық – қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды кепілі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑