Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Салауатты ұрпақ – ел болашағы

Салауатты ұрпақ – ел болашағы

86 қаралым

Жасөспірімдердің алкогольге әуестенуінің алдын алу – бүгінгі қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл ретте ата-ананың тәрбиесі мен отбасының үлгісі ерекше рөл атқарады. Балаға ішімдіктің зияны туралы қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы жеткізген тиімді. Мектеп, ата-ана және қоғамдық ұйымдар өзара байланыста жұмыс істегенде нәтиже де оң болады. Жастардың спорттық және мәдени шараларға қатысуына жағдай жасау қажет. Бос уақытын пайдалы іске арнаған жас зиянды әдеттерге сирек бой алдырады. Салауатты ұрпақ қалыптастыру – елдің тұрақты дамуына қосылған маңызды үлес.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑