Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БОЛАШАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

24 қаралым

Табиғат – адамзатқа ортақ байлық әрі келешек ұрпаққа аманат етілген құндылық. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Әсіресе, өзен-көлдердің жағасын қоқыстан тазарту су экожүйесін сақтауға оң ықпал етеді. Демалыс орындарында тазалықты сақтау да табиғатқа жанашырлықтың нақты көрінісі саналады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мектептерде, мекемелерде және қоғамдық ұйымдарда түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Табиғатты аялау бүгіннен басталса, келешек ұрпаққа көрікті де таза орта қалдыруға мүмкіндік туады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑