Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, оған әр азамат үлес қоса алады. Көшеде немесе қоғамдық орындарда қауіпті жағдай байқалса, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиісті қызметтерге хабарлау маңызды. Мұндай әрекет ықтимал құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектесуі мүмкін. Алайда азаматтар күмәнді жағдайларға араласқанда өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керек. Қоғамда өзара көмек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Көршілер арасындағы сыйластық пен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі де қауіпсіз ортаның қалыптасуына ықпал етеді. Әр адамның бейжайлық танытпауы қоғамдағы тәртіпті нығайтады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
