Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті

146 қаралым

Алматы облысы Алатау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру.
Іс-шара барысында аумақтарды тазарту, қоқыстарды жинау және қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, табиғатты аялаудың маңыздылығын көрсетті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы – тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға бағытталған маңызды бастама. Таза қала – баршамызға ортақ міндет!


Роза ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы

↑