Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП  – КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП  – КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР САЛТЫ

115 қаралым

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы тазалықты сақтау мен қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған.
Осы бағытта Жамбыл ауданының Қарғалы кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауыл әкімдігі өкілдерімен бірлесіп, Қарғалы ауылының көшелерін аралап, абаттандыру және тазалық талаптарының сақталуына назар аударды. Аралау барысында тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға қоқыс тастамау және өз аумағына жауапкершілікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біршама уақыттан кейін қайта жүргізілген тексеру кезінде көшелердің тазарып, аумақтардың ретке келтірілгені байқалды. Бұл жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесін және тұрғындардың ортақ тәртіпке деген жауапкершілігін көрсетеді. Тазалық пен тәртіп  – бір реттік шара емес, әр адамның күнделікті ұстанымы. Туған жердің көркейіп, таза болуы әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігімізге байланысты.

Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

↑