Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Күміс жас» жобасы – еңбекке жаңа мүмкіндік

«Күміс жас» жобасы – еңбекке жаңа мүмкіндік

66 қаралым

Еңбек етуге деген құлшыныс жасқа қарамайды. Алатау қаласында жүзеге асырылып жатқан «Күміс жас» жобасы зейнет жасына жақындаған азаматтарға еңбек нарығында белсенділігін сақтап, өз тәжірибесі мен мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашуда.
Солардың бірі – Нәдірбекова Айман Қасенқызы. Еңбек жолында мол тәжірибе жинақтаған ол зейнет жасына жақындаса да белсенді өмір салтынан қол үзбей, еңбек етуді жалғастыруды жөн көрген.
Айман Қасенқызы «Күміс жас» жобасы туралы білгеннен кейін Мансап орталығына жүгініп, мамандар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысты. Бірнеше ұсыныстың ішінен өзіне жақын әрі көңілінен шыққан жұмысты өзі таңдады.
Қазіргі таңда ол бағдарлама аясында Алатау қаласындағы аспаздық орталығында еңбек етіп жүр. Жаңа ортаға тез бейімделген Айман Қасенқызы өз міндетін жауапкершілікпен атқарып, соңғы бірнеше айдан бері тұрақты еңбекақысын алып келеді.
«Күміс жас» жобасы – зейнет жасына жақындаған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының бірі. Жоба аясында 50 жастан асқан азаматтарға жұмысқа орналасып, еңбек жолын жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
2025 жылы жоспарға сәйкес 57 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жолданды. Олардың қатарында Айман Қасенқызы да бар.
Бұл жоба өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол азаматтардың еңбек нарығынан шет қалмай, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Айман Қасенқызының еңбек жолы – жас мөлшеріне қарамастан, жаңа мүмкіндікке ұмтылып, белсенді өмір салтын жалғастыруға болатынының жақсы үлгісі.

Роза ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы

↑