Алматы облысы Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Аталған бастаманың басты мақсаты – заңға құрметпен қарайтын, қоғамдық жауапкершілікті сезінетін және қауіпсіздікті ортақ құндылық ретінде бағалайтын қоғам қалыптастыру.
Заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылық әрбір тұрғынның заң алдындағы жауапкершілігін сезінуінен басталады.
Роза ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы
