Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

40 қаралым

Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңға құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты. Заң мен тәртіп – бейбіт өмірдің, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуының басты негізі.

Әрбір азамат заң талаптарын орындап, өз құқығымен қатар өзгенің де құқығын құрметтеуі қажет. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережелерін бұзбау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – құқықтық мәдениеттің күнделікті өмірдегі көрінісі.

Әсіресе, жас ұрпақтың бойына заңға деген құрметті қалыптастыру маңызды. Заңды білу – құқық бұзушылықтың алдын алуға, жауапкершілікті сезінуге және саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Заң үстемдік еткен жерде әділдік орнайды, ал тәртіп сақталған қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаяды. Сондықтан заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті, ал тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік.

Заңға құрмет – елге құрмет. Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар!

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑