Перейти к содержимому

Жолда асықпаңыз!

87 қаралым

Асығыстық жолдағы қауіптің артуына себеп болуы мүмкін. Кей жүргізушілер уақытты үнемдеу үшін жылдамдықты арттырады немесе жол ережесін бұзады. Мұндай әрекет өзіне де, өзгеге де қауіп төндіреді. Межелі жерге бірнеше минут ерте жету адам өмірінен қымбат емес. Сондықтан жолға алдын ала шыққан дұрыс. Сабырлы жүргізуші жағдайды дұрыс бағалап, қауіптің алдын алады. Жол қозғалысында тәртіп пен мәдениет маңызды. Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑