Салауатты өмір салтын ұстану – адамның өз денсаулығына және болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі. Есірткі мен алкогольге әуестік адамның өмір сапасын төмендетіп, әлеуметтік байланыстарына кері әсерін тигізеді. Сондықтан жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру шараларын жандандыру қажет. Бос уақытты спортпен, шығармашылықпен және пайдалы іспен өткізу теріс әрекеттерден аулақ болуға ықпал етеді. Саналы таңдау жасаған ұрпақ – ел дамуының кепілі.
Құралбек СӘБИТОВ

