Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамайық!

Зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамайық!

54 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық көбіне жабық мәселе ретінде қабылданып жатады. Алайда үнсіз қалу жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың кез келген түріне қоғам болып қарсы тұру қажет. Жәбірленушінің қауіпсіздігі бірінші кезекте қамтамасыз етілуі тиіс. Көршілер, туыстар немесе таныстар отбасындағы қиын жағдайды байқаса, тиісті қызметтерге хабарлаудан тартынбағаны жөн. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғам зорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамайды. Әр адам өз үйінде өзін қауіпсіз сезінуге құқылы.

Ерзат АСЫЛ

↑