Алатау қаласының Арна шағынауданында тұратын 92 жастағы Валентина Петровна Черникова мәслихат сайлауында дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
1934 жылы дүниеге келген Валентина Петровна — Арна шағынауданының байырғы тұрғыны. Ол өз таңдауын жасау үшін №955 сайлау учаскесіне арнайы келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысты.
Өмірлік тәжірибесі мол, талай тарихи кезеңнің куәсі болған Валентина Петровнаның белсенділігі көпшілікке үлгі. Оның дауыс беруге келуі — туған жеріне деген жанашырлық пен азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.
Ел болашағына бейжай қарамайтын осындай ардақты жандардың өнегесі қоғамдағы жауапкершілік пен белсенділікті арттыра түседі.
Риза Санаққызы
Алатау қаласы

