Alatau Hub алаңында «Алматы облысының цифрлық коды» Digital Day өтті. Іс-шара аясында облыстың түкпір-түкпірінен келген 21 IT-жоба өз әзірлемелерін таныстырды.
Қатысушылар «Стартаптар аллеясында» өнімдерін көрсетіп, питчинг-сессияда жобаларын ұсынды. Нетворкинг барысында жаңа байланыстар орнатып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өтті.
Alatau Hub өңірдің IT-экожүйесін дамытуға және жергілікті технологиялық жобаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырады!
«Алатау – Ақпарат»

