Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты

Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты

32 қаралым

Алматы облысы Кеген ауданының Жастар ресурстық орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әділет Чукенов және аудан жастары қатысты. 

Іс-шараның мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарын жастарға  таныстыру, оның басым міндеттерін талқылау және жастар жұмысында іске асыру жолдарын айқындау.

Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен ел дамуына арналған басым міндеттер талқыланып, жастардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық жауапкершілігіне ерекше назар аударылып,  Жолдау мәселелерін сөз етті.

Дөңгелек үстел барысында Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әділет Чукенов Жолдаудың негізгі мазмұнына тоқталып, жастар жұмысына қатысты бағыттары бойынша пікір алмасты. Жастар жұмысын арттыру, жастардың жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелерін талқылап, ұсыныстарын білдірді.

Ал орталықтың психолог маманы Гүлназ Толонқызы Жолдауға қолдау білдіре отырып, оның өркендеу өзегі екенін тілге тиек етті.

– Президентіміздің жаңа Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы үлкен ұмтылыстарын көрсетеді. Аталған Жолдауда экономикамыздың өрлеуіне ықпал ететін әр сала жеке-жеке көрсетіліп, оларды ары қарай жетілдіру мен дамытудың нақты мақсаттары атап айтылған, – деді ол.

Жолдауды қолдау мақсатында аудан жастарының белсенді қатысуымен алдағы уақытта бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл бастамалар жастардың ел өміріне араласуын арттырып, ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет етуіне ықпал етеді.

Жастар – ел болашағы, ал бірлік пен белсенділік – жарқын келешектің кепілі!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑