Перейти к содержимому

Басым бағыттар белгіленді

73 қаралым

         Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа арнаған Жолдауын тыңдап отырып, Мемлекет басшысының сөзін Жамбыл ауданының ардагерлері толықтай қолдайтынына сенімім нығая түсті.  Жолдауда адами капиталды сапалы дамыту, білім мен ғылымды ілгерілету сияқты өзге де стратегиялық міндеттер айқындалды. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға да баса назар аударылды.

         Жолдауда жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттер айқылдалды. Мұнымен бірге халықтың табысын арттыру да басты мақсат ретінде белгіленді. Ол үшін ең алдымен инфляциямен жүйелі күрес жүргізу тапсырылды. Бұл шаралар әр отбасының тұрмысына тікелей әсер етеді. Жалпы Мемлекет басшысының бастамалары мен еңбектеріне зер салсақ, қоғамдағы тәртіп пен ортақ жауапкершіліктің қаншалақты маңызды екеніне көзіміз жете түседі. Сондықтан әділетті қоғам құру әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.

         Біз, ардагерлер қауымы, елді жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту жөніндегі стратегиялық бастамаларды қолдаймыз. Өзімнің замандастарымды, ардагерлерді Президент  Жолдауының әлеуметтік-экономикалық бағыттарын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын.

Ескелді ҚАСЫМОВ, Жамбыл аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

↑