Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Бір бөтелкенің артында бір тағдыр тұр

Бір бөтелкенің артында бір тағдыр тұр

25 қаралым

Алкогольге тәуелділік бір адамның ғана мәселесі емес. Оның салдары тұтас отбасының өміріне әсер етеді. Ішімдікке әуестенген адамның денсаулығы нашарлап қана қоймай, жұмысқа қабілеті төмендеп, жақындарымен қарым-қатынасы да бұзылуы мүмкін. Кей жағдайда отбасындағы тұрақсыздық балалардың психологиялық жағдайына кері әсер етеді.
Бұл мәселені тек адамның өз еркіне қалдыру дұрыс емес. Тәуелділікпен күресте мамандардың көмегі, отбасылық қолдау және қоғамның түсіністігі маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашқы белгілер байқалған кезде медициналық көмекке жүгіну қажет.
Алкогольден бас тарту – тек зиянды әдеттен арылу емес, адамның өз өмірін, отбасын және болашағын сақтап қалуға жасаған қадамы. Сондықтан алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, салауатты өмір салты күнделікті дағдыға айналуы керек.

АЛТЫНАЙ СЕЙІТКЕН

↑