Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Біздің ісіміз емес» дейтін салғырттық

«Біздің ісіміз емес» дейтін салғырттық

255 қаралым

Зорлық-зомбылықтың өршуіне тек зорлық көрсетушінің қатыгездігі ғана емес, сонымен қатар айналамыздағылардың «үнсіз келісімі» де кінәлі.

Көрші пәтерден түнгі уақытта айқай-шу, заттардың сынып жатқан дыбысы шықса, көбіміз «олардың өз шаруасы, арамызға түспей-ақ қояйық» деп балконгымызды жауып, жатып қаламыз. Дүкенде немесе көшеде денесіне көгргөн іздері бар, үрейленген әйелді көрсек те, байқамаған сыңай танытамыз.

Осы салғырттықтың кесірінен талай азаматша полицияға немесе дағдарыс орталықтарына уақытында жүгіне алмай, ақыры ауыр жарақатпен немесе тіпті өліммен аяқталатын трагедияларға душар болып жатады. Заң бойынша, кез келген зорлық-зомбылық – жеке мәселе емес, бұл қылмыс.

ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

↑