Кейбір адамдар отбасындағы жанжалдан кейін айтылған кешірімге сеніп, мәселенің түбегейлі шешілгеніне үміт артады. Алайда қайталанатын қорқыту мен күш көрсетуге көз жұму қауіпті жағдайды ушықтыруы мүмкін. Зорлық-зомбылық жасаған адамның әрекеті үшін жауапкершілігі бар. Зардап шеккен адам жалғыз қалмай, құқық қорғау органдары мен дағдарыс орталықтарынан көмек сұрауы қажет. Отбасын сақтау дегеніміз – адамның қауіпсіздігі мен ар-намысын құрбан ету емес.
Құралбек СӘБИТОВ

