Бала отбасындағы қарым-қатынасты күнделікті көріп өседі. Үлкендердің бір-біріне дөрекілік танытуы мен күш көрсетуі оның санасында қалыпты құбылыс ретінде орнығуы мүмкін. Сондықтан ата-ананың әрбір сөзі мен әрекеті бала тәрбиесіне тікелей ықпал етеді. Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік ұрпаққа берілетін ең құнды тәрбие. Баланың болашағы қауіпсіз әрі мейірімді ортадан басталады.
Құралбек СӘБИТОВ

