Перейти к содержимому
Басты бет / Цифрлық технология / Цифрлық технология – дамудың жаңа мүмкіндігі

Цифрлық технология – дамудың жаңа мүмкіндігі

33 қаралым

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен енгізіліп келеді. Электронды қызметтер халықтың уақытын үнемдеп, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді алуды жеңілдетуде. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларында заманауи технологиялардың мүмкіндігі артып келеді. Цифрландыру жұмыс үдерістерін оңтайландырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға жол ашады. Сондықтан цифрлық сауаттылықты арттыру – заман талабына сай дамудың маңызды шарты.

Ерзат АСЫЛ

↑