Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткіні жарнамаламайды, бірақ жеткізушіні іздейді

Есірткіні жарнамаламайды, бірақ жеткізушіні іздейді

24 қаралым

Әлеуметтік желілерде жастарға арналған түрлі жұмыс ұсыныстары жарияланып жатады. Олардың арасында жоғары табыс пен аз уақыт ішінде ақша табуға уәде беретін хабарландырулар да бар. Алайда кейбірінің артында есірткі заттарын заңсыз таратуға тарту әрекеттері тұруы мүмкін.
Алаяқтар мен есірткі саудасымен айналысатын адамдар жастардың қаржылық қиындықтары мен тәжірибесіздігін пайдаланып, оларды жасырын тапсырмаларды орындауға көндіреді. Бастапқыда қарапайым жеткізу немесе белгісіз затты бір жерге қалдыру сияқты көрінген әрекет кейін ауыр қылмыстық жауапкершілікке ұласуы мүмкін.
Сондықтан жастар кез келген жұмыс ұсынысын мұқият тексеріп, күмәнді тапсырмалардан бас тартуы керек. Ата-аналар да балаларының интернеттегі ортасына назар аударып, есірткінің зардабы мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізгені маңызды.

ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

↑