Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Картаңызды бердіңіз, енді қылмысқа қатысыңыз бар

Картаңызды бердіңіз, енді қылмысқа қатысыңыз бар

25 қаралым

Қазіргі таңда интернет арқылы ақша табудың түрлі жолдары ұсынылады. Алайда әлеуметтік желілерде «банк картасын жалға береміз», «картаңызды пайдаланып, үстінен ақша төлейміз» деген хабарландырулар да кездеседі. Мұндай ұсыныстар сырттай оңай табыс көзі болып көрінгенімен, оның артында заңсыз қаржылық операциялар тұруы мүмкін.
Алаяқтар өзге азаматтардың банк карталарын пайдаланып, ұрланған қаражатты аударып, ізін жасыруға тырысады. Ал картасын бөгде адамға берген азамат кейін қаржылық қылмыстарға қатысы бар тұлға ретінде тексерілуі мүмкін.
Сондықтан банк картасын, шот деректерін және мобильді банкингке қолжетімділікті ешкімге беруге болмайды. Аз ғана ақша үшін өз атыңызды күмәнді операцияларға араластыру – үлкен тәуекел. Қаржылық қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

АЛТЫНАЙ СЕЙІТКЕН

↑