Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Кешірім сұраумен зорлық тоқтамайды

Кешірім сұраумен зорлық тоқтамайды

37 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық көбіне көзге көрінбейтін есіктің ар жағында орын алады. Кейбір жәбірленушілер жақындарының қысымынан, балаларын ойлап немесе қоғамның пікірінен қорқып, болған жағдайды сыртқа шығармайды. Ал зорлық көрсеткен адамның уақытша кешірім сұрауы мәселенің түбегейлі шешілгенін білдірмейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек физикалық күш көрсетумен шектелмейді. Қорқыту, қорлау, психологиялық қысым жасау және адамның еркін шектеу де зорлықтың көрінісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларға бейжай қарау қауіпті одан әрі ушықтыруы ықтимал.
Сондықтан жәбірленушілер өз құқықтарын біліп, тиісті органдардан көмек сұраудан қорықпауы керек. Ал қоғамның міндеті – мұндай жағдайды қалыпты құбылыс ретінде қабылдамай, зардап шеккен адамға қолдау көрсету.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑