Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Мерекелік кештен кейінгі өкініш

Мерекелік кештен кейінгі өкініш

24 қаралым

Мерекелік дастарқан басында басталған көңілді отырыстың соңы кейде қайғылы жағдайға ұласып жатады. Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның өзін-өзі бақылау қабілетін төмендетіп, ашушаңдық пен агрессияны күшейтуі мүмкін. Соның салдарынан отбасылық жанжал, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе жол-көлік оқиғалары орын алады.
Әсіресе ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару – өзгелердің өміріне тікелей қауіп төндіретін жауапсыз әрекет. Мұндай жағдайда жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысына қатысатын барлық адамға қауіп төнеді.
Алкогольге тәуелділіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, психологиялық және медициналық көмектің қолжетімді болуы маңызды. Адамның денсаулығы мен отбасының тыныштығы кез келген уақытша қызықтан әлдеқайда қымбат.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑