Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасылық құндылықтар: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірге

Отбасылық құндылықтар: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірге

31 қаралым

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең ауыр жайттардың бірі. Қазіргі таңда бұл мәселеге қарсы күрес күшейтіліп, заңнамалық база қатаңдатылды. Енді жәбірленушінің арызын күтпестен, құқықбұрушыны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту нормалары жұмыс істейді.

Алайда заңның қатаңдығынан бөлек, қоғамдағы көзқарасты өзгерту маңызды. «Әйелді ұру – бұл тәрбие емес, қылмыс» деген түсінік әрбір отбасының санасына сіңуге тиіс. Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмай, шұғыл түрде «102» нөміріне немесе дағдарыс орталықтарына жүгіну қажет. Біздің басты мақсатымыз – әрбір үйде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑