Перейти к содержимому
Басты бет / Ауыл шаруашылығы / Райымбек ауданында 54,6 мың тонна картоп жиналды

Райымбек ауданында 54,6 мың тонна картоп жиналды

145 қаралым

Райымбек ауданында биыл картоп өсіру көлемі артып, 54,6 мың тонна өнім жиналды. Картоп алқабы өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға ұлғайып, 2 467 гектарға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Дастан Құдабаев Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 42,1 мың гектарға жетті. Егіс құрылымын әртараптандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдардың үлесін арттыруға басымдық берілуде.
«Егін жинау қорытындысы бойынша картоптың орташа өнімділігі гектарына 220,9 центнерді құрап, жалпы 54 676,6 тонна өнім алынды»,-деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сонымен қатар дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1 517 гектарға артып, 15 мың гектардан асты. Биыл жаздық бидайдан 3 125,8 тонна, ал жаздық арпадан 20 506 тонна өнім жиналды.
Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағытында PepsiCo компаниясымен ынтымақтастық орнату да көзделген. Бұл жергілікті шаруалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және өнім сапасын арттыруға жол ашады.

 «Алатау – Ақпарат»

↑