Қазіргі таңда полиция жұмысының сервистік моделіне көшу басты назарда. Бұл жүйеде учаскелік полиция инспекторының орны ерекше. Ол өзіне бекітілген аумақтағы әрбір тұрғынның мәселесін біліп, қылмыстың алдын алуға тікелей атсалысады. Тұрғындармен тұрақты кездесулер, ортақ чаттар арқылы жедел ақпарат алмасу халықтың полицияға деген сенімін арттыруда. Көршіңіздің тәртібіне, аулаңыздың тыныштығына мән беру – үлкен қылмыстардың жолын кесудің алғашқы қадамы.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

