Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘСКЕРИ ОРТАДАҒЫ БАСТЫ ҚАҒИДА

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘСКЕРИ ОРТАДАҒЫ БАСТЫ ҚАҒИДА

52 қаралым

Әділдік үнсіздікті емес, әрекетті талап етедіӘскери ортадағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау – әрбір әскери қызметшінің басты міндеттерінің бірі. Заң мен тәртіпке негізделген қызмет қана әскери бөлімдегі тұрақтылықты, өзара сенімділікті және жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында заңдылықты сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте әскери ортада орын алуы мүмкін заң бұзушылықтар мен тәртіпсіздік фактілеріне бейжай қарамау ерекше маңызға ие. «Заң мен тәртіп» қағидаты – тек ұран емес, әрбір азамат пен әскери қызметшінің күнделікті өмірінде басшылыққа алатын негізгі ұстанымы. Әділдік үнсіздікті емес, нақты әрекетті талап етеді. Сондықтан кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Осы бағытта әскери ортада заң бұзушылық немесе тәртіпсіздік фактілерін байқаған азаматтар мен әскери қызметшілерге хабарлау мүмкіндігі қарастырылған. ҚР ІІМ Оңтүстік Өңірлік әскери тергеу органының аға жедел уәкілі, майор Нұрлан Қайратұлы Әбдіманапов әскери ортадағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына қатысты ақпараттарды қабылдайды. Егер әскери ортада қандай да бір заң бұзушылық немесе тәртіпсіздік фактісін байқасаңыз, арнайы QR-код арқылы немесе төмендегі байланыс нөміріне хабарлауға болады.

Байланыс телефоны: +7 707 374 6659

Келіп түскен ақпараттың құпиялылығы сақталады.

Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы, батылдығы мен азаматтық жауапкершілігі заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Құқық бұзушылыққа көз жұма қарау – мәселені шешпейді. Керісінше, дер кезінде хабарлау – әділдікке бастайтын маңызды қадам.

Заңға құрмет – тәртіптің негізі. Тәртіп – әскери қызметтің тірегі. Әділдік әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады!

↑