Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі

Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі

52 қаралым

Ағаш отырғызу мен жасыл аймақтарды көбейту – қоршаған ортаны жақсартудың тиімді жолдарының бірі. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы табиғатты қорғауға және елді мекендердің көркін арттыруға бағытталған маңызды жұмыстарды біріктіреді. Жасыл желек ауаны тазартып қана қоймай, жаздың аптап ыстығында саялы орын қалыптастырады. Осы ретте көшелерге, саябақтар мен қоғамдық орындарға көшет отырғызудың маңызы зор. Дегенмен егілген ағаштарды күтіп-баптау, уақытылы суару және олардың өсуіне жағдай жасау да назардан тыс қалмауы тиіс. Табиғатты қорғау ісіне әрбір азаматтың атсалысуы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Бүгін отырғызылған әрбір тал – келер ұрпаққа қалатын бағалы мұра.

Ерзат АСЫЛ

↑