Жол қозғалысы ережелері әрбір жүргізушіге бала кезден таныс. Соған қарамастан күнделікті өмірде жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты құқық бұзушылықтар кездеседі. Кейбір жүргізушілер бірнеше минут ертерек жету үшін өз өмірін де, өзгенің өмірін де қатерге тігеді.
Жолдағы тәртіпсіздіктің салдары тек көлікке келген зақыммен шектелмейді. Бір сәттік қателік адам денсаулығына зиян келтіріп, орны толмас қайғыға себеп болуы мүмкін. Әсіресе мектеп маңында, жаяу жүргіншілер өткелінде және тұрғын аймақтарда жүргізушілер аса сақ болуы қажет.
Жол қауіпсіздігіне тек жүргізуші емес, жаяу жүргінші де жауапты. Әрбір азамат жол ережесін орындауды міндет емес, адам өмірін қорғаудың басты шарты ретінде қабылдауы тиіс.
ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

