-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Күрежолдың жайын білді

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Партия
    Күрежолдың жайын білді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан және облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев пен Дәулет Жарасбаев келді. Мәртебелі меймандарды аудан әкімі Нұрлан Ертас күтіп алды.

    Алматы-Бішкек халықаралық авто­жолымен келген халық қалау­лыла­ры осы трассаның Алматы облысының батыс жақ аумағы аяқталып, Жамбыл облысының жері басталатын нүктесіне дейін барып, жүріп жатқан жол құрылысымен танысты. Жолдың Алматы қаласынан осы жерге дейінгі жайын өз көздерімен көріп, көңілдеріне түйді. Жұмыскерлермен тілдесіп, жұмыстың сапасына назар аударды. Күрежолдың Ақтерек ауылының тұсындағы бұл бөлігі республикалық маңызы бар Ұзынағаш-Отар жолының 101-143 шақырымы болып есептеледі. Мұнда арнайы техникалар мен адам күші жолды қайта жаңартуға жұмылдырылған.
    Ауыр техникалар қолданылып жатқан орындарды аралап шыққаннан кейін депутаттар сол маңда орналасқан шағын кеңседе жол салушылармен кездесті. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы облыстық филиалының директоры Ғани Мұрзаханов астаналық қонақтарға істің барысын баяндады. Жол салушылардың жетекшісі аталған учаскеде мұның алдында жұмыс істеген мердігерлермен арадағы келісімшарттың мерзімі аяқталып, күші жойылғанынан хабардар етті. Соған байланысты жаңадан конкурс өткізіліп, қорытындысы бойынша қазір басқа мердігер жұмысты өз мойнына алғанын айтты.
    Маңызы үлкен нысанның құрылысы­на мемлекет бюджетінен 21,81 миллиард теңге бөлінген. Қаржы республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы институты – Дүниежүзілік банктен тартылған. Жұмыс 2018 жылы басталған, осы жылы аяқталуға тиіс. Қазіргі кезде 7 шақырымда жұмыс қатар жүргізілуде. Мұндағы жер қазу жұмыстары толықтай бітіпті. Жол жабындылары – 40, суөткел құбырларын қою – 99, ал көпір салу 88,4 пайызға орындалған. Ал жалпы жұмысты белгіленген мерзімінде бітіретіндіктеріне сенімді екенін жеткізді.
    Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның қандай қиындықтар бар деген сұрағына Ғани Мұрзаханов күрежолмен жүйткіген көліктер жұмысқа кедергі келтіретінін жеткізді. Айтуынша, жүргізушілердің көпшілігі өте жоғары жылдамдықпен жүретіндіктен, жұмысшылармен қатар өздерінің өміріне де қауіп төндіреді. Осыған байланысты құрылыс жүріп жатқан тұстарда жылдамдықты шектейтін белгілер орнатылуын сұрады. Мәжілісмен бұл мәселені тиісті уәкілетті орындармен бірлесе шешетіндіктерін білдірді.
    Сондай-ақ «АМАНАТ» партиясының мүшелері, жергілікті мәслихат депутаттары мен сала жетекшілері Ұзынағаш-Отар жолының 101-143 шақырымында болды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесті

    11 months ago
    Аламанда алға озғандар

    Аламанда алға озғандар

    6 months ago
    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    2 years ago
    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    6 months ago
    Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау

    Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.