-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

    16.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті
    0
    SHARES
    51
    VIEWS

    2024 жылдың 15 шілдесінде Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.

    Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.

    Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан және волейболдан турнир өткен болатын.

    Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар.

    Қасымжан Айдар, «Белгібай» командасының капитаны:

    «Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екені бәріміз мәлім. Алматы қаласының NEET санатындағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Әрине, болашақта үлкен додаларға түссек па деген»  арманы бар екенін тілге тиек етті.

    Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннис орталығында өтті.

    Аталмыш шараға «Қазына», «Арлан»,  «Батыр», т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар  NEET санатындағы, яғни жұмыссыз жастар, барлығы 30 адам қатысты.

    Алғашқы іріктеу кезеңінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

    Турсынбаев Зиядулла мен Онласын Аян Алтын медаль мен кубок үшін бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 3:2 нәтижесімен Турсынбаев Зиядулла басым түсіп, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен үстел теннисінің жеңімпазы атанып, Алтынды өз қанжығасына байлады. Ал үшінші орынның кубогын сарапқа салған Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмурат арасындағы ойында 3:0 есебімен Сейтбаев Алмат үшінші орын кубогын иленді.

    Өзара бақ сынасқан турнир жоғары деңгейде өтті.

    Турнир қортындысы бойынша бірінші орын алған Турсынбаев Зиядуллаға 250 мың теңгенің, екінші орын алған Онласын Аянға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмуратқа 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

    Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша әр спорт түрінен 30 (отыз) қатысушының қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.

    Ұсынымдар

    ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    1 month ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    2 years ago
    МАҚСАТЫ АЙҚЫН МАҚПАЛ

    МАҚСАТЫ АЙҚЫН МАҚПАЛ

    2 months ago
    Майдангер медбике

    Майдангер медбике

    1 year ago
    Ғылымды дамыту – заман талабы

    Ғылымды дамыту – заман талабы

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.