-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Аграрлық сала айрықша назарда

    20.07.2024
    in Ауыл шаруашылығы
    Аграрлық сала айрықша назарда
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

            Облыстық прокуратураның бастамасымен Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің аумағында орналасқан «Ой-Қарағай» таулы туристік кешенінің «Sulu sai Rezort» демалыс орталығында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының орындалуын талқылауға арналған қадағалаушы орган өкілдерінің агроөнеркәсіп саласындағы инвесторлар және кәсіпкерлермен бейресми кездесуі өтті.

    Облыс прокуроры Берік Адамов жиынның ашылу салтанатында бұл шара бейресми, яғни, «галстуксіз кездесу» екенін айтып, ол бүгінгі күні аймақтың аграрлық саласында орын алып жатқан түйткілдерді талқылауға арналатынын жеткізді.
    Берік Абызбайұлының айтуынша, қазіргі кезде аймақтың агроөнеркәсіп саласында 98 жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың 18-і бизнес-сүйе­мел­деудің жеткіліксіздігінен ұлттық бизнес-пулдан шығарылған. Сондай-ақ ол бүгінгі күні қолға алынған кейбір мемлекет­тік бағдарламалар өзінің тиімсіздігін көрсетіп отырғанын, аграрлық бизнес негізінен оның дамуын тежеу емес, керісінше дамытуға міндетті мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен зардап шегіп жатқа­нын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 173- бабында көрсетілген «Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган­дар­дың, сондай-ақ жергiлiктi атқару­шы орган­­­дардың лауазымды адамдары­ның, дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне, олардың кәсiп­керлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы» байқалады. Мұндай жағдай қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган­дардың, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополия, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жұмысынан көрінеді. Басқаша айтқанда, бұл орган­дар заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіріп отыр.
    Бейресми кездесуде сөз алған фермерлер ауыл шаруашылығы сала­сында орын алып жатқан түйткілді жайттарды ортаға сала отырып, негізінен бақыланбайтын тексерулер, заңнама­­ның жетілмегендігі сынды мәселелер­мен бетпе-бет келіп, негізсіз қылмыс­тық қудалауға ұшырайтындықтарын жеткізді. Одан басқа, үнемі тарифтердің жоғарылайтынына, техника сатып алуға байланысты лизингтік операциялардың пайыздық мөлшерлемесінің жоғары­лығына, фермерлер мен шаруа қожалық­тары үшін субсидияның жоқтығына, өнімдерін экспортқа шығару­дағы қиыншылықтарға, өтінімдерді қарау­да мемлекеттік органдардың салғырт­тығына реніштерін жеткізді. Бизнес-қауымдастықты толғандыратын тағы бір үлкен түйткіл – салықтық тексеру­лер. Тек соңғы кезеңде облыс бойын­ша фискальдық органдар тарапы­нан 60 тексеру тағайындалыпты, 10 жағдайда лицензияға келісімшарт жасап, қызмет мерзімін ұзарту бойынша шешім шығарудан, Мемлекеттік кіріс­тер департаменті 28 мәселеде келісім жасасудан бас тартқан.
    Облыстық қадағалаушы орган өкілі кәсіпкерлерге қатысты 15 түйткілді мәселе өз шешімін тапқанын, соңғы 10 жылда тіркелген кәсіпорындардың саны бір жарым есеге артып, 338 мыңнан 526 мыңға жеткенін, жалпы кәсіп жүргізу біршама жеңілдетілгендігі, қазір кез келген адам өз кәсібін бір күнде аша алатынын алға тартты.
    Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы тарапынан кәсіпкерлікті қорғау мақ­сатында ауқымды жұмыс атқарыл­ған. Нақты айтар болсақ, «Прима Құс» ЖШС өтініші бойынша 165 миллион теңгенің субсидиясы төленбегені жөнінде қадағалаушы орган тарапы­нан шара қабылданып, қадағалау акті облыс әкімдігіне енгізіліп, демеуқаржы толық көлемде төленген. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешені саласындағы жеңілдетілген несие алу бойынша 7 жобаның өтінімдерін қарамаған, прокурорлық шаралардан соң олар мақұлданған.
    Бейресми кездесу кезінде барлық тараптың ұсыныс-тілектері тыңдалып, бизнес жүргізу мәселесінде ұшырасып жатқан кедергі, кемшіліктер жөнінде айтылды және аграрлық сектордағы ағымдағы жағдайға нақты баға беріл­ді. Жиынға қатысқан аграрлық сала өкілдерінің пікірінше, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Қазагрофинанс» АҚ, ауыл шаруашылығы басқармасының кәсіпкерлермен арадағы қарым-қатынасты нығайтуда басшылыққа алатын ұтымды ұсыныстар айтылуымен маңызды. Енді олар тек айтылып қана қалмай, нақты орындалуы тиіс.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Өнертапқыш Нұркен

    Өнертапқыш Нұркен

    2 years ago
    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    2 years ago
    Әкім азаматтарды қабылдады

    Әкім азаматтарды қабылдады

    1 year ago
    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ  СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    2 years ago
    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>