-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    07.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    “Күншуақтағы” шуақты күндер
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы орта мектептің жанындағы жазғы лагерьде оқушылардың демалысы қызықты өтіп жатыр. Мұндағы «Күншуақ» атты жазғы алаң күн сайын балақайлардың шат күлкісіне бөленуде.

    Жазғы демалыс басталысымен оқушылардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында мектепте іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол бойынша білім ұясының жанынан жазғы алаңдар ашылып, демалыс және сауықтыру шаралары ретімен атқарылып келеді.

    – Ұзынағаш ауылындағы орта мектеп аудан бойынша үлкен білім орындарының қатарында. Өткен оқу жылында мұнда 1473 оқушы білім алды. Ал мектеп жанындағы жазғы алаңға 1405 оқушыны қамту көзделген. Олар лагерьге үш кезеңмен тартылуда. Бірінші кезеңде 548 оқушы, ал екіншісіне –  548 бала келді. Қазір соңғы кезеңде 309 оқушы қызықты күндерін өткізуде. Осылайша балалар шуақты мезгілде есте қаларлықтай әсер алады, – дейді аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назым Оразаева.

    Оның айтуынша, спорт ойындары, саяхат, кітап оқу, кино көру, логикалық есептер, экологиялық сағаттар, тілді дамыту, дебаттық клубтар, көркем эстетикалық сабақ, работотехника, қызықты математика сияқты бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушылар мұражайлар мен театрға барып, көгалдандыру шарасына атсалысты. Еңбекке баулу қатар жүргізіледі. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шуақты жаздың нұрына шомылдыру ұстаздардың басты міндеті. Бұл орайда Әмина Жексенова, Ақкенже Әбілдаева, Күлпаш Полпатова, Зина Бейсенбек сияқты мұғалімдер өз міндетін белсенді атқаруда. Олар жұмыс барысында жастардың құқықтық сауаттылығын да арттырып, әр бала бақытты өмір сүруге лайықты екенін сезіндіре түсуде. Күнделікті әртүрлі шаралар өткізу арқылы балалардың жадында жаз ерекше жаңғырып тұрсын деген мақсатпен жұмыс жасауда.

    Көңілді демалыс арқылы жастардың сана-сезімін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету мектепте жылдағы дәстүрге айналған. Балаларды қорғау күні, Рәміздер күні, Астана күні сияқты атаулы мерекелерде концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Елорданың дамуымен танысып, салған суреттері мен өлеңдері арқылы бас қалаға деген махаббатын жеткізді. Рәміздер күнінде өскелең ұрпақ патриоттық рухы асқақ екенін аңғартты. Оқушылар мемлекеттік нышандардың авторларын жатқа біледі, Гимннің әр сөзін жүректен өткізіп орындайды. Шеберқолдылардың қолөнер, түрлі тақырыптағы сурет көрмелері ұйымдастырылды. Асфальт бетіне салған суреттен педагог-психолог балалардың көңіл-күйін, арман-мақсатын біліп, жеке жұмыс жүргізді. Зияткерлік сайыстарда білімдері таразыланып, білмегендерін білді.

    Өскелең ұрпақ үшін спорттық қимылдардың пайдасы зор. Сондықтан мұнда спорттық сайыстарға ерекше ден қойылып, денсаулықтарын нығайтады. Мұндайда жүзден жүйрік шыққандар марапатталып, мерейлері өседі. Бұдан бөлек көрікті орындарға экскурсия жасап, туған өлке тарихымен танысты. Мұражайлар мен кітапханаларда таным-түйсіктерін тереңдетті. Сондай-ақ табиғатты қорғау, ата-ананы сыйлау, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпау, Отанды сүю тақырыптарында балалармен еркін әңгемелесу жүргізілді.

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Дайындық барысы сараланды

    Дайындық барысы сараланды

    8 months ago
    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    2 years ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    1 year ago
    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

    Алматы облысында шыққан аяқ киімді еуропалықтар киіп жүр

    2 years ago
    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.