-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Имандылық әліппесін үйренді

    07.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Руханият
    Имандылық әліппесін үйренді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Баланы жасынан имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Сонда әрбір жеткіншек жақсы-жаманның, обал-сауаптың не екенін біліп өседі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер балаларға арналған діни сауат ашу курсын жыл сайын ұйымдастырады. Міне, осындай «Имани жаз – 2024» діни сауат ашу курсын биыл Боралдай кенті бойынша 50 ұл және 60 қыз тәмамдады.

    Курс барысында балалар тек діни сауатын ашып қана қоймайды, әдеп сабақтарын бойына сіңіреді. Бұл ретте «Құран әліппесі», «Құранды ережесімен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Мұсылмандық әдептер», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету», «Алаштың имандылық өсиеттері» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Төрт апта ішінде шәкірттер қысқа сүрелерді жаттап үлгерсе, ал үздіктері Құранды ережесіне сай етіп сауатты оқу деңгейіне дейін жетті.

    Жазғы сауат ашу курсының аяқталу шарасына дәріс алған оқушылардың ата-аналары шақырылды. Онда бас имам шәкірттерге ізгі тілегін арнап, ата-аналарға балаларының жақсы тәрбиесі үшін алғысын білдірді. Дәріс жүргізген «Арын қажы» мешітінің ұстаздары – Хусниддин қари Әкбарұлы және Айсұлу Амангелдіқызына ата-аналар мен мешіт жамағаты ризашылықтарын білдірді.

    Бір айлық оқуды тәмамдаған шәкірттер ата-аналарының алдында өз жетістіктерін паш етті. Қасиетті Құраннан аяттар мен Алаш арыстарының жастарға арнаған жыр-толғауларынан үзінділер оқыды. Шәкірт қыздар хазірет Омардың иманға келу кезеңін сахналық қойылым арқылы көрсете білді. Екі қызын бірдей Құран оқу курсына берген Нұрлыбек ағамыз ұстаздарға ризашылығын білдірсе, Гүлжаһан қажы апамыз бен көпбалалы Гүлжазира анамыз қыздарға ақылын айтып, ибалылықтың имандылықта жатқанын тілге тиек етті. Іле аудандық «Өтеген батыр» мешітінің ұстазы Мәриям Айтбайқызы дайындық курсынан өткен шәкірттерге ақ тілегін жеткізіп, мақтау қағаздары мен түрлі сыйлық табыс етті. Шара соңында «Арын қажы» мешітінің наиб имамы Мұрат Төлегенұлы балаларға батасын берді. Ауыл ақсақалы Жанат қажы атамыз балалардың оқуда озат, алдағы жолы ашық болуын тіледі. Ақ жаулықты Мархаба апамыз қазақ қыздарының бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталып,  тарихи негіздегі дәлелдер келтірді. Сөз соңында балаларға тағылым болар өлең шумақтарын оқыды.

    Осындай балалар үшін айтулы күнде мешіт жанынан оларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылып, аулаға батут орнатылды. Аптап ыстықта бүлдіршіндер үшін балмұздақ та тегін таратылды.

    Бағдат Тоқан,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

    Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

    2 years ago
    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    9 months ago
    Baron Food – біздің бренд

    Baron Food – біздің бренд

    1 year ago
    Татулық тұғыры

    Татулық тұғыры

    1 week ago
    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>